Шымкентте бес айналма суару каналы салынып жатыр

75

Шымкентте биыл қолданысқа берілетін ағынсу каналдарының жұмысы тексерілді. Себебі өткен жылы арнаның құрылыс жұмыстарын кешіктіргені үшін мекемелерге 10 млн. теңге айыппұл салынған. Сондықтан да әкім мердігер компанияға ескерту жасап, құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде бітіруді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімі Қаратау ауданына қарасты егіс алқабын суаруға арналған каналдардың күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Себебі өткен жылы 2 канал құрылысын кешіктергені үшін мердігер мекемеге 10 млн. теңге айыппұл салынған болатын. Сондықтан да қала басшысы каналдардың құрылысын жіті бақылап, бірнеше тапсырма берді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Бұл канал қай жерден тоқтайды. Тоқтай ма, әлде жалғаса ма? Сонда осы жерде көбірек су ұстайсыңдар ма? Проектті ашып маған көрсет. Мүмкін қойма сияқты қолданатын шығар».

Биыл 3 каналдың құралысы қараша айында бітеді деп жоспарланған. Ал қазір жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан каналдың біріне дайын бетондар қолданылса, енді біріне қолдан құйылып жатыр. Ал қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы дихандардың жұмысы тоқтап қалмас үшін айналма каналдар іске қосылғанын айтады.

Мақсат Абдукадиров, Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқарма басшысының міндетін атқарушы: «Қазіргі таңда Шымкент қаласында 5 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында және жөндеу жұмыстарын кестеге сәйкес жүргізу мақсатында каналдың айналма жолы жасалып, жұмыс үздіксіз жүргізіліп жатыр».

Құрылысы 2022 жылдың 1 шілдесінен басталған «Шапырашты» мен «Сай ниже водопада» каналының қазір 20 пайызы біткен. Ал әкім арналарға қолданылған блоктардың сапасын қазірден бастап тексеруді тапсырды.

Әсел Мәлік