Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдікті ұстады

16

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыағаш АПБ-мен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Анықталғандай, күдікті РФ Самара қаласында бөтеннің мүлкін ұрлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні Сарыағаш ауданынан ұстады. Ер адам шекара арқылы Өзбекстан Республикасына өтпекші болған. Қазіргі уақытта күдікті УҰИ-ға қамалды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтау үстінде.
Атап өтсек, Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының полицейлері жыл басынан бері халықаралық іздеу жарияланған 7 қылмыскерді ұстаған.