Түркістанда «Мектепке жол» акциясы басталды

47

Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан әрі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған блалаларға қолдау көрсету.

Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаевтың айтуынша, мұқтаж отбасылар тізімі ата-аналардан өтініш қабылдау арқылы жасалады.

Ол үшін басқарманың +7(707)-684-71-00 байланыс телефонына хабарласу керек.

Мөлдір Ибадуллаева