Жол қозғалысына өрескел кедергі жасаған азамат жауапкершілікке тартылды

39
фото knightoptical.com

Шымкент қаласы аумағында 2022 жылдың 19-шілде мен 19-тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел прафилактикалық іс шарасы өтуде. Анығын айтсақ, 2022 жылдың 18-тамызында түнгі сағат 01:20 уақыт шамасында Қонаев даңғылының бойында «Lada 21140» маркалы көлік құралының жүргізушісі көлік құралын артқы жүріспен басқара отырып, өзге көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі келтірген.

Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері аталған көлік жүргізушісін өзге көлік құралдарының жүруіне авариялық жағдай туғызғанын бірден байқаған. Құқықбұзушылықтың жолын кесу мақсатында тәртіп сақшылары аталған көлік құралын дер кезінде тоқтатты. Жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдарының жүрісіне қасақана кедергi келтіру), ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабының 1-бөлігі (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соғу), ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 2-бөлігі (Маневр жасау қағидаларын бұзу ) және ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігі (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралы айыптұраққа жабылды.
Шымкент қаласының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларға жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу мен маневр жасау жол апатына әкеп соғуы мүмкіндігін ескертеді.