6 балалы ана ажырасудан бас тартты

76

Медиацияның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тараптың да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету.

Бүгінде Кентау қалалық сотында талап қоюшы И. жауапкер К.-ға араларындағы заңды некені бұзу туралы талап қоюмен арызданған, арызында талапкер И. 2008 жылы заңды неке тұрғандарын, осы некеден кәмелет жасына толмаған ортақ 6 ұл-қыздары бар екенін, қазіргі таңда жауапкерден бөлек тұратын көрсеткен. Сот азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, медиация туралы келісім бекітілді. Аталған келісім бойынша жауапкер К. отбасын сақтап қалуға міндеттеніп, ал талап қоюшы И. некені бұзу туралы талап қою арызынан бас тартып, соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
АПК-нің 277-бабының 6) тармақшасына сәйкес, сот егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Сондықтан сот аталған азаматтық істі медиациялық келісім бойынша өндірістен тоқтату туралы ұйғарым шығарды.