Аяқ киім сатамын деп, алданып қалды

30

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ол әлеуметтік желідегі жарнама сайттарынан «аяқ киім сатамын» деген жарнаманы көріп, оған хабарласқан. Ал сатушы ұялы телефон арқылы жәбірленушінің әбден сеніміне, оған аяқ киімдер сататын болып, екеуі келіскен. Осылайша алаяқтық жолмен жалған жарнама берген жас қыз, өзінің банкомат карточкасына ақшаны аудартып алған соң, телефонын мүлдем өшіріп тастаған.

Жәбірленушіге келген шығын 100 мың теңге. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл әрекет етті. Нәтижесінде жергілікті тұрғын жас қыз анықталып, полицияға жеткізді.
Ол жалған жарнама бергенін толық мойындап, жәбірленушіден алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергенін жеткізді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Тұрғындар көбіне осындай интернет-алаяқтарына алданып жатады. Сондықтан Түркістан облысы полицейлері алаяқтардың айла-тәсілдеріне ермеңіздер, қырағылық танытыңыздар деп ескертеді.