Елде бір тәулікте 210 адам коронавирус жұқтырды

45

Өткен тәулікте елімізде 210 адам короновирус инфекциясын жұқтырған. Оның екеуі Шымкент қаласының тұрғыны. Ал Түркістан облысынан кви жұқтырғандар жоқ. Ел бойынша індеттен 577 адам жазылып шықты. Оның 273-і Шымкенттен, ал 18-і Түркістан облысынан.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 17 448 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 486-ы стационарға жатқызылса, 16 962 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Сала жауаптыларының айтуынша, 6 адамның жағдайы ауыр. 12 адамның жағдайы өте ауыр. 5 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойынша вакцинацинаның 1-компонентін 10 823 254 адам салдырды. 2-ші компонентін 10 567 190 адам алды. Ал Шымкентте 707 804 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 698 294 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 296 356, II компонентін 1 292 256 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірлері жасыл белдеуде.