Қазақстан мен Қырғызстан сауда рәсімдерін жеңілдету, бизнес жүргізу шығындарын азайтуды көздейтін меморандумға қол қойды.
«Қазақстанның статистикасы бойынша Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-маусымда 495,7 миллион долларды құрады. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ке артық, оның ішінде экспорт – 303,3 млн доллар, импорт – 192,3 млн доллар», — деді Серік Жұманғарин.
Тараптар өзара сауданы ұлғайту мақсатында Қырғыз Республикасынан Қазақстанға ерте піскен жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді жүзеге асыру туралы уағдаласты.Меморандум аясында тараптар сауда рәсімдерін жеңілдетуге, бизнес жүргізу шығындарын азайтуға келісті және елдер арасында электронды құжаттармен өзара алмасудағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.