«Қызыл алма» комедиясы сахналанды

80

 Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры жаңа маусым шымылдығын өзбек жазушысы Еркін Құшуақтовтың «Қызыл алма» пьесасымен ашты. Қойылымда ақылына көркі сай бойжеткеннің тұрмысқы шығу оқиғасы баяндалады.

Белгілі жазушы Еркін Құшуақтовтың «Қызыл алма» комедиясын сахналауға қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының жас әртістері тартылған. Жас қыздың жар таңдау барысындағы басынан кешкен оқиғалар өмірдегі көп шындықтың бетін ашатындай. Театрдың труппа меңгерушісі жастардың тағдырын тек жастар ғана жеткізе алады дейді.

Бибінұр Шымырқұлова, Шымкент қалалық әзіл-сықақ сатира театрының труппа меңгерушісі: «Бұл қойылымның ерекшелігі оқуды енді бітіріп келген жас әртстер сахналайды».

Қойылымда махаббатқа ғана басымдық берілмеген. Театр әртістері қазыналы қарты бар отбасынан шыққан жас буынның тәрбиесі басқаша болатынына да мән берілген дейді.

Мөлдір Мұратбекова, Шымкент қалалық әзіл-сықақ сатира театырының әртісі: «Өзбек халқының Құшуақтовтың «Қызыл алма»  деген комедиясы өте жеңіл, күлдіргі, халыққа беретін тәрбиесі бар. Бізде «қариясы бар үй қазыналы үй» деп айтады ғой қазақта. Сол сияқты Қариясы бар үй. Қыз бен жігітің ғашықтығы өрбитін, атасымен апасының тәрбиесін алған ұл қыздардың өмір сүруі, қалай бір-бірін тауып қауышқаны туралы өте керемет комедия».

Айта кетейік, енді «Қызыл алма» комедиясы театр сахнасында жиі қойылады.

Иззат Миралиев