Шымкент: Мектептер 22 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеген

86

Шымкент мектептері санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін айыппұл төледі. Көлемі ақ емес-22 миллион теңгеден астам, деп хабарлады санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті.

Мамандар өткен оқу жылында мегаполистегі барлық білім беру мекемелерін тексерген. 91 мектепте бұзушылықтар анықталған, олардың басым бөлігі ұқсас . Оқу орындарында дезинфекциялау құралдарымен ылғалды жинау сақталмаған, құрал-жабдықтар таңбаланбаған, қол жуатын жабдықтар талаптарға сай емес, сондай-ақ мектеп жиһазының бүтіндігі де наразылық тудырды . Осы оқу жылында да мектептер жоспарлы тексеру туралы ескерту алды. Мамандар өткен оқу жылында мегаполистің 54 білім беру мекемесін тексерді.

Алдарқұл Ахметов, Шымкент қаласының санэпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары: «Мектептерде анықталған бұзушылықтар бойынша 139 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 22 миллион теңгеден асты. Оның ішінде 85 айыппұл жеке тұлғаларға, 54 айыппұл лауазымды тұлғаларға салынды. Айыппұл 100%  уақтылы төленді».