Шымкентте алма ағашы қайта гүлдеді

Шымкентте күздің алғашқы айында алма ағашы гүлдеді. Табиғаттың тылсым мінезіне куә болған тұрғындар бұл құбылысқа таңдай қағуда. Дегенмен, алма ағашының екінші рет бүр жаруын жақсылыққа балап отырмыз дейді олар.

Ақниет шағынауданының тұрғындары бұл ағашты 8 жыл бұрын еккен екен. Ал күннің салқындығына қарамастан күзде гүлдеген алма ағашынан иелері жазда бір рет өнім жинап та алыпты.

Назерке Үкібасова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Ол алма ағашын 8 жыл бұрын  осы үйге көшіп келгенде еккенбіз. Биыл да көктемде ол бүршік атып, жемісін жедік. Бірақ күзде қайта гүлдейді деп ойламаған едік. Өткенде қарасақ, қайтадан бүршік атыпты. Үйдегілер оны жақсы ырымға балап жатыр. Енді ауа райы қалай болатынына қараймыз. Үмітіміз бар, тағы да сол алманың жемісін жейміз ба деген».