Тұран шағынауданы 2023 жылы толық газбен қамтылады

21

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын тексерді. Былтыр басталған сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары 2 кезеңге жоспарланған.

Қазір 86% орындалып, қалған жұмыс қазан айында толық аяқталады. Одан соң абоненттеу жүргізіліп, 3058 тұтынушы сапалы электр қуатымен қамтылады. Ал газ орнату құрылысының биылғы жоспары 90 пайызға орындалды.

Қазан айында №14-29 кварталда орналасқан көпқабатты және 504 жеке тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылады. Айта кетейік, шағын ауданындағы 2554 тұрғын үйге 2023 жылы газ құбыры толық тартылып бітеді.