Úı ANONS Ұн мен бидайдың экспортына квоталар алынып тасталды

Ұн мен бидайдың экспортына квоталар алынып тасталды

Биыл қыркүйек айынан бастап ұн мен  бидайдың экспортына квоталар алынып тасталды. Яғни, сыртқа сатуға ешқандай шектеу жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ауыл шаруашылығы министрі айтты.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: «Биылғы жылы 13,5 млн. тонна бидай жинайтын болсақ, былтырғы жылдан қалған 1,5 млн. тоннаны есепке алатын болсақ. Ішкі тұтыну көлемі Қазақстанда 6,5-7 млн тонна болса, экспортқа 6-7 млн тонна бидай, ұн шығаруға мүмкіндік бар».