Азаматтардың депозиттері бойынша өтемақы алуға мүмкіндігі бар

36

Қазақстандықтардың депозиттері бойынша өтемақы алуға мүмкіндігі бар. 10 пайыз сыйақыны алу үшін салымшылар 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш-келісім беруі керек. Кейбір банктерде мұны онлайн рәсімдеуге болады.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ақпаратына сүйенсек, теңге бойынша депозиттері бар, әрі өтемақы алуға құқылы 5 миллионнан астам салымшы тіркелген. Олардың 97 пайызының 5 миллион теңгеге дейінгі жинағы бар.

Алмаз Құдайбергенов, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары :»Біз салымшыларды өтемақы алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Егер сізде 2022 жылдың 23 ақпанына дейін депозит ашылған болса, сіздің бұл сыйлықақыны алуға құқығыңыз бар. Өтемақы салымының ең жоғары сомасы 20 миллион теңге».