Ерекше балаларға арналған «Кездесуге қадам» фестивалі өтті

63

Шымкентте ерекше жандарға арналған фестиваль ұйымдастырылды. Қазіргі таңда қаламыздың 143 мектебінде ерекше қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған.

Оның ішінде 88 жалпы білім беретін мектепте 829 бала инклюзивті білім алса, 9 мектептің арнайы сыныбында 471 оқушы оқиды. Сондықтан қала әкімдігінің қолдауымен ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында «Кездесуге қадам» күзгі шығармашылық фестивалі өтті.

Онда Ә.Қастеев атындағы өнер колледжі мен Шымкент қалалық жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттері өздерінің қолөнер бұйымдарын қайырымдылық көрмесіне қойып, ерекше балалар үшін шеберлік сағатын жүргізді. Шараға түрлі оңалту орталықтарынан 150-ден астам бала қатысты. Айта кетейік, игі іс келесі жылы да жалғасын табады деп жоспарланған.