Fly Arystan жолаушыларына әуежайда кезекке тұрудың қажеті жоқ

Енді Fly Аrystan лоукостерінің жолаушыларына ұзақ уақыт бойы ұзын-сонар кезекте тұрудың қажеті жоқ.

Оңтүстік астананың әуе айлағында сегіз iJan жолаушылар терминалы тәулік бойы жұмыс істейді. Ал өте жақын арада iJan Қазақстанның барлық әуежайларында пайда болады.

Күн сайын Алматыдағы халықаралық әуе айлағынан ондаған ұшақ ұшып, мыңдаған жолаушы тасымалданады. Ұшаққа үлгеру үшін әуежайға жету уақытын және тіркеу процесін бақылау үшін Fly Arystan жаңа қызметті іске қосты. Ол – iJan деп аталады. Лоукостердің әрбір жолаушысы жүгін өлшей алады, жолаушылар багаж белгісін басып шығарады, жүк лентасына тапсыра алады. Ал, ең бастысы – мұның бәріне кезексіз қол жеткізеді.

Fly Arystan компаниясының инновациялық тірегі Алматы әуежайында ашылды. Ал жақын арада iJan Шымкентте де пайда болмақ. Лоукостер басшысы iJan-ның әр қалада өзіндік ерекшелігі болатынын атап өтті. Бұл тек цифрландыру процесі ғана емес, сондай-ақ, белгілі бір қаламен тарихи байланыс.

«Біз, Fly Arystan – отандық жолаушылардың өміріне инновациялық тәжірибені енгізетін алғашқы авиакомпания болғанын мақтан тұтамыз. Мұның бәрі – жолаушыларға әуежайға жету уақытын, сондай-ақ тіркеу процесін бақылауға мүмкіндік береді. iJan – FlyArystan мобильді қосымшасының үздіксіз жұмыс істеуін ескере отырып жасалған, яғни, лоукостер клиенттерінде әрқашан таңдау мүмкіндігі бар. Олар арнайы қосымшада және flyarystan.com сайтында тегін немесе iJan терминалы арқылы тіркеле алады. Айта кету керек, iJan көмегіне барлық жолаушылар жүгінеді, өйткені рейске тіркелуден басқа, жүкті өлшеп, багаж белгісін басып шығару керек, содан кейін оны багаж лентасына тапсыру керек. Мұның бәрі ұзын-сонар кезексіз жасалады. iJan – бұл оң өзгеріс және әуежайдың қолданыстағы тәжірибесінен бас тарту. Біз жолаушылар мұндай өзгерісті жақсы қабылдайды деп үміттенеміз», – дейді FlyArystan компаниясының басқарушы директоры Эдриан Хамильтон-Маннс.

FlyArystan Шымкенттен келесі бағыттарда сапар шегеді
• Алматы мен Астанаға күнделікті
• Ақтауға аптасына 5 рет
• Атырауға қарашадан бастап аптасына 5 рет, ал желтоқсаннан 6 рет.

Сонымен қатар лоукостер түйісу рейстерді Кутаиси, Ыстамбұл және Дубай (тікелей рейстер де қолжетімді) қалаларына орындайды.

Билет құны және қосымша қызметтерді сатып алу FlyArystan мобильді қосымшасында және авиакомпанияның FlyArystan.com сайтында қолжетімді.

Fly Arystan – iJan қосымшасы арқылы алғашқы болып тіркеуден өткен жолаушыға сыйлық берді. Яғни, оған барлық ішкі рейстерге жылдық абонемент табысталды. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін және қауіпсіздікті басты назарға ала отырып, Fly Arystan әуе компаниясының борттары үнемі жаңартылып отырады. Бұл – компания сапасының артуы мен өркендеуінің кепілі.