Қала әкімі түркиялық «Coca-Cola İçecek» компаниясының өкілімен кездесті

Үшінші мегаполис басшысы түркиялық «Coca-Cola İçecek» компаниясының Алматы қаласындағы директоры Мустафа Белтекинмен кездесті.

Қала әкімі компания өкіліне Шымкенттен сусындар өндіретін арнайы өндіріс орнын ашу үшін барлық жағдайдың бар екендігін айтып, Шымкенттің салалық мүмкіндіктеріне тоқталды. Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов биыл ауданы 306 гектар «Жұлдыз» индустриялық аймағының құрылғанын, құрылыс жұмысының жақын арада аяқталатынын атап өтті. Ал инвесторларға ұзақ мерзімге жалға берілетін тегін жер телімдері, дайын инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтерге тариф төмендетілгенін де алға тартты.

«Coca-Cola İçecek» компаниясының өкілі әкімдік тарапынан арнайы жер телімі мен инфрақұрылыммен қамтуда қолдау болса, инвестиция құюға дайын екендігін жеткізді.