Қазақстан табиғи газды тұтынудан үздік 50 елдің қатарына енді

46

Қазақстан табиғи газды жалпы пайдаланудан және жан басына тұтынудан үздік 50 елдің қатарына енді. Ranking сарапшыларының зерттеуінше, жыл басында Қазақстанда көшелердегі газ желісінің ұзындығы 34,8 мың шақырымды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,6% артық. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, ел тұрғындарын газдандыру деңгейі 53,1%-ға жетіп, 9,8 млн адам көгілдір отынға қосылды.

Көрсеткіштің өсуін және жаңа тұтынушылардың қосылуын ескере отырып, 2010-2021 жылдары ішкі нарықта газды тұтыну көлемі 106%, яғни 9 млрд-тан 18,6 млрд куб метрге дейін өсті.

Сондай-ақ, Қазақстандағы газ бағасы мен сектордағы тарифтер мен жалақының ара қатынасы Еуропаның елдорі ішіндегі ең қолайлы баға дейді сала жауаптылары.