Сайлау -2022: Президенттікке үміткер тағы бір кандидат тіркелді

75

Презденттікке үміткер тағы бір кандидат тіркелді. Ол – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаев. Осылайша, сайлауға қатысатын үшінші үміткердің аты белгілі болды.

Кандидат «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, сайлаушылардың 125 081 қолын жинаған. Оны комиссия арнайы тексерістен өткізген. Нәтижесінде 2 мыңнан астам қолды жарамсыз деп таныды.

Сондай-ақ, комиссия Дайрабаевқа банктен арнаулы уақытша шот ашу үшін мәліметтерді жолдады. Әрі комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров оған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттық куәлігін табыстады.