Шымкент тұрғындарының 500-ге жуық мәселесі шешімін тапты

34

Қала әкімінің Абай ауданы тұрғындарымен кезекті кездесуі өтті. Онда 9 айдың қорытындысын жасап, 50-ден аса сұрақтарға жауап берді.

Ал бұған дейін мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізіліп, 1020 мәселе көтерілген еді. Әр мәселеге хаттама толтырылып, жіті бақылаудың нәтижесінде 488 мәселе шешімін тапты. Сондай-ақ 377-сі жыл соңына дейін шешіліп, 195 мәселе келесі жылға қалды.

Қала басшысы 11 рет жеке қабылдау өткізіп, анықталған 2 341 мәселенің қазір 760-сы нақты шешілді. Ал қалғаны заң талаптарына сәйкес шешімін таппақ.