Úı Jańalyqtar Бәйдібек ауданы: Тұрғындардың мәселесі басты назарда

Бәйдібек ауданы: Тұрғындардың мәселесі басты назарда

фото БАӘБҚ

Мемлекет басшысының Жолдауында әкімдердің тұрғындарды қабылдауына және халықпен тікелей байланыс орнатуына үнемі басымдық беріледі, бұл әкімдердің азаматтардың өзекті мәселелерін шешу, ашық және есеп беретін билік моделіне көшу, сол арқылы халық сенімін арттыру мақсатындағы маңызды құралы болып табылады. Әкімдердің қабылдау кестесі қадағаланып, халықтың өтініш-тілегін тыңдау, кері байланыс орнату және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге назар аудару талап етіледі. Мемлекет басшысының Жолдауында жергілікті өзін өзі басқару (ЖӨБ) ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелер әрқашан маңызды орын алады, олар ауылдар мен қалаларды дамыту, азаматтардың тікелей қатысуын күшейту, бюджеттің дербестігін арттыру және жергілікті деңгейде шешім қабылдау құзыретін кеңейту сияқты бағыттарды қамтиды, бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Мемлекет пен жергілікті өзінөзі басқару институттарының міндеттерін тиімді жетілдіру мәселесі басты назарда тұр. Жергілікті өзінөзі басқарудың мықты жүйесі қалыптасып келеді. Осыған орай жуырда Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы әкімдігінде бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Жауапты сала басшыларымен бірге көтерілген әрбір мәселені зерделеп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. Аудандық әкімшілік тарапынан ұйымдастырылатын мұндай жеке қабылдауларда тұрғындардың көтерген мәселелері назардан тыс қалған емес. Қабылдауға ауданның бірқатар азаматтары келіп, тұрғын үй кезегі, жол, инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер бойынша жеке сұрақтарын жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар ауданның дамуы үшін, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселесінен шет қалмайтындықтарын білдірді. Ауыл халқы өңірдегі өзекті деген мәселелерді айта келіпті. Бақыт Қырғызалиев көтерілген мәселелердің шешілуін өз бақылауында ұстайтынын атап өтті. Кейбір сұрақтар бойынша тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Тұрғындармен тиімді байланыс орнатудың маңызды тәсілдерінің бірі – жеке қабылдау. Мұндай кездесулер халықтың мәселелерін уақтылы шешуге және билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да ауыл, аудан халқының мәселелерін шешу үшін осы бағыттағы қабылдау жұмыстары жалғасын табатын болады.