Úı ANONS Шымкентте «Ecostudentkz» челленджі бастау алды

Шымкентте «Ecostudentkz» челленджі бастау алды

Қазақстанда студенттердің бастамасымен «EcoStudentKZ» челленджі қолға алынды.

Жоба үшінші мегаполистен бастау алды. Алғаш болып шымкенттік студенттер «Қошқар ата» өзенінің жағалауында қоқыс орындарын тазалап «Эко-плоггинг» өткізді.

Іс шараға қаладағы 8 жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Енді эстафетаны павлодарлық студенттер жалғастырып, қаланың саябақ және басқа да алаңдарын қоқыстан тазартады.

Айта кетейік, челендж Шымкенттен бөлек еліміздің 6 қаласында жалғасады.