Түркістанда «Түркі әлемінің орталығын» салу үшін байқау өтті

101

Түркістан тағы да жаңа ғимаратпен толықпақ. Ол үшін мәдени астанада республикалық байқау ұйымдастырылды. Көрме түрінде өткен байқауға 17 жоба ұсынылған. Жарыстан үздік шыққан макет келешекте «Түркі әлемінің орталығына» айналады.

Түркістан қаласында «Түркі әлемінің орталығы» атты жаңа нысан бой көтермек. Ғимараттың кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау жарияланды. Сайысқа еліміздегі белді сәулетшілердің 17 жобасы ұсынылған. Олардың қаншалықты осы орталыққа сай келетінін бақылау үшін байқауға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы келіп, жобалармен танысты.


Байқауға қатысқан жобалардың жұмысымен толық танысып шыққан облыс басшысы жарыстың екінші этапын өткізуді ұсынды. Себебі көрмеде ғимараттың тек суреттері ғана көрсетілді. Ал келесі кезеңде салынатын орталықтың негізгі нұсқасын толық зерделеп, дайындауды тапсырған.

Еркін Жүсіпов, ТО сәулетшілер одағының төрағасы: “Конгресс-Холда Түркі әлемінің орталығын салу үшін үлкен конкурс өтіп жатыр. Қазір комиссияның бірінші отырысы болды. Қорытынды бойынша 2 этап өткізілейін деп жатыр. Басқа да ғалымдармен хабарласып, келісіп, көлемін талқылаймыз. Бірінші отырыста да жақсы-жақсы жобалар болды. Екінші этапта облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының айтқанын негізге ала отырып, байқауды жалғастырамыз”.

Айта кетейік, бұл ғимаратты салу жайында 2021 жылы түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде ел президенті тапсырма берген еді. Сол кезден бастап байқау жарияланып, Түркістанның тарихи келбетін аша түсетін жаңа ғимарат салу қолға алынды.