6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін

39

Елімізде 6 микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін. Қазір Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі олардың қызметтерін тексеріп жатыр. Бұған азаматтар тарапынан шағымның және проблемалы несиелердің көбеюі себеп.

Агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша қазірдің өзінде шағын несие беретін 6 ұйымның екеуін лицензиясынан айыруға негіз бар дейді.

Өйткені мөлшерлемені негізсіз көтеру секілді фактілер анықталған. Айта кетейін елде 430 мыңнан астам адам микроқаржы ұйымдарына берешегін төлей алмай, 90 күннен кешіктіріп жіберген. Олардың қарызы 70 миллиардтан асады.