«Белсенді ұзақ өмір орталығының» 2 бөлімшесі бар

44
Жастайынан еңбекке араласып, қартайғанында зейнеткерлікке шыққан азаматтар өздерін  қоғамнан шет қалғандай сезінетіндері бар. Ардагерлер үйі сынды демалыс орындары бар болғанымен, үшінші мегаполиске аздық ететінін анық. Зейнеткерлер қала әкімдігіне ардагерлерге арналған арнайы орталықтар ашса деген өтініштерін жеткізген болатын.  бүгінде қазыналы қарттарымызға да барынша жағдай жасалуда.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында «Белсенді ұзақ өмір орталығының» 2 бөлімшесі бар. Мұнда зейнет жасындағы азаматтар 4 сағат ал, жалғызбасты қарттар 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлерін ала-алады.
2019 жылы орталықта көрсетілетін қызмет түрі 15 болса, қазір олардың саны 31-ге жеткен. Атап айтсақ, физиотерапия кабинеті мен сенсорлық терапиясы болса, тұз кеніші, АRT терапиясы (сурет салу өнері, саз қолөнері, құм терапиясы), ерлерге арналған еңбек терапиясы (шеберханасы), караоке зал (ән айту), әсемдік жасару терапиясы және бассейн бар. Зейнет жасындағы азаматтарға мұнда барынша қолайлы жағдай жасалынған.
«Ардагерлермен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларды қоғамның белсенді өміріне тарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде орталықта 715 – ке жуық зейнеткер арнаулы әлеуметтік қызмет түрін алуда. Қызмет алушылар орталыққа келгенде міндетті түрде бірінші дәрігерлік тексеруден өтеді. Апта сайын дендросаябаққа барып дене шынықтырумен және йогамен айналысады», – дейді «Белсенді ұзақ өмір орталығының» басшысы Мауия Сахибекқызы.
Орталыққа келу үшін жеке кәулік пен зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі, медициналық картаны толтырса жеткілікті. Осылайша, құрмет демалысына шыққан азаматтар қоғамдық, мәдени шаралардан да тыс қалмай, оларды қоғамға әлеуметтендіруде белсенді іс-шаралар жүргізілуде.