«Е-архив» ақпараттық жүйесі бойынша семинар өтіп жатыр

87

Шымкент қалалық архивтер мекемесінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы кітапханада архивтер саласы мамандарының семинары өтті. Екі күндік іс шараға Шымкент, Түркістан қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Түркістан өңірлерінің өкілдері қатысуда. Олар семинар барысында»Е-Архив» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуді меңгереді.

Мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметінің негізгі процестерін автоматтандыру, сондай-ақ архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру мақсатында «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеніне биыл екі  жыл толды. Бүгінгі таңда Е-Архивқа 1 жарым мыңнан астам ұйым қосылған. Жүйені толық меңгеру мақсатында сала министрлігі тұрақты түрде семинарлар ұйымдастырып тұрады.

«Е-Архив» ақпараттық жүйесі цифрлық жеткізгіштердегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, электрондық картотеканы құруға, қағаз түпнұсқалардың өмірін ұзартуға, Ұлттық архив қорының құжаттарын жедел іздестіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мемлекеттік архивтер жұмысының тиімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді дейді сала мамандары.

Өңіраралық семинарды ұйымдастыруға атсалысқан Шымкент қалалық архив мекемесі бүгінде жаңа ғиммаратта орналасқан. Заманауи құралдармен жабдықталғанғандықтан жұмыс оңтайланды дейді архивтің басшысы

Былтыр мемлекеттік және ведомстволық Архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығы ашылған еді. Онда сала қызметкерлері реставратор, ғылыми-техникалық және аудиовизуалды құжаттаманы өңдеу және т.б. мамандықтар бойынша оқытудан өтуде.