Облыс басшысы шардаралық тұрғындардың шағымын тыңдады

49

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданының тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен қатар, облыс басшысы өңір азаматтарын жеке қабылдады. Жергілікті тұрғындардың түйіткілді мәселесін шешуге облыстың құқық қорғау органдарының басшылары да жұмылдырылды.


Түркістан облысы басшысының халықпен кездесуінде әскери киім киген маманды жиі кездестіре бермейсің. Ал Шардара ауданының тұрғындары өз сауалдарын ҰҚК басшысына, прокурорларға және Түркістан облысының полиция басшысына тікелей қоюға мүмкіндік алды. Соның бірі мектеп мұғалімі. Ол мектеп директорына қарсы сотта, білім бөлімі мен судьялардың шығарған шешіміне қатысты шағымын айтты.

«Мені бірнеше жылдан бері мектеп директоры бопсалап келеді. Жүрген жерімде тиісе береді. Мені балағаттаған, бопсалаған видео дәлелім де бар. Бірақ оған қарсы сотқа шағымым өтпей жатыр. Баспалдақтан түсіп бара жатқанда итеріп жіберсе тағы айыппұл төлеп құтылып кетеді. Бұлай қалай өмір сүремін»-дейді Шардараның тұрғыны.

Шағым түскен сәттен бастап тұрғынның арызын Облыс прокуратурасы жеке бақылауына алды.

Руслан Әбдірайымов, Шардара ауданының прокуроры: «Бұл жағдайды егжей-тегжейлі қарастырайық. Біз қақтығыстың екі тараппен де кездесейік, бұл жайтт шешуге тырысамыз».

Түркістан облысының басшысы құзырлы орган өкіліне көтерілген мәселені кейінге қалдырмай, дер кезінде атқарылған жұмыстың нәтижесін баяндауды тапсырды.

Дархан Сатыбалды: Түркістан облысының әкімі: «ҰҚК, Сот, Полиция және т.б. басшыларына кез келген сұрақтар қоюға болады. Біз барлық сұрақтарға жауап беруге және оларды мүмкіндігінше тезірек шешуге тырысамыз»

Айта кетейік, бұдан кейін Түркістан облысының құқық қорғау орган өкілдері мен тұрғындардың кездесуі тұрақты түрде өткізілеп отыратын болып шешілді.