Úı ANONS Үшемдерге жаңа пәтер кілттері табысталды

Үшемдерге жаңа пәтер кілттері табысталды

фото ШАӘБҚ

 

Тәуелсіздік күні қарсаңында Шардара ауданында үшемдерді дүниеге әкелген екі отбасыға жаңа пәтер кілттері табысталды. Ешмуратовтар мен Оңайовтар отбасыларына Шардара қаласындағы Ж. Қолдасов көшесінде орналасқан заманауи пәтерлер берілді.

Бұған дейін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қолдауымен демеушілер есебінен әр отбасыға 3 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетілген. Салтанатты жиында аудан басшысы көпбалалы отбасыларды қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті. Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев құттықтау лебізін білдірді.

Айта кетейік, жаңа баспаналар демеушілер қаражаты есебінен салынған.