Түркістан облысы Шардара қаласында әлеуметтік осал топқа жататын 6 отбасына баспана берілді. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев қатысты. Ол үй кілттерін тұрғындарға табыстады. Оның сөзінше, бұл әлеуметтік қолдау халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс.
Айта кетейік, жаңа үйлер үкіметтің тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023- 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде берілді. Тұжырымдаманың басты мақсатының бірі халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.
Дилара Иса






