Шымкентте №77 мектепте орналасқан №77 сайлау учаскесінде жас- жұбайлар дауыс берді. Жаңадан отау құрған Дәурен Тойбол мен Ақмарал Қалдыбаева отбасын құрған күні өз таңдауын жасады.
–Еліміз үшін айтулы күнде отбасымыздың құрылғанына қуаныштымын. Қалыңдығым екеуміз міндетті түрде кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, тарихи күнді шаңырақ көтерген күнімізбен байланыстырғымыз келді. Мінекей, дауыс беруге, өз таңдауымызды жасауға келіп тұрмыз, — деді Дәурен Тойбол.
Бүгін ерлі-зайыптылар АХАЖ бөлімінен неке куәлігін алып, отбасылық өмірге бірге қадам басты. Жас жұбайлардың екеуі де үлкен компанияларда, атап айтқанда, Дәурен Тойбол – SCAT авиакомпаниясында бортсерік болса, жары Ақмарал – Kcell компаниясында жұмыс істейді.