Úı Jańalyqtar Қазақстан Беларусь нарығына экспортты арттыруды жоспарлап отыр

Қазақстан Беларусь нарығына экспортты арттыруды жоспарлап отыр

Қазақстан Беларусь нарығына шығарылатын экспортты арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен кездесу барысында мәлімдеді.

Басқосу ТМД Премьер-Министрлері кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында өтті. Тараптар сауда экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығындағы өзара іс-қимыл және Қазақстанның мәдени күндерін өткізу мәселелерін талқылады. Өткен жылдың қортындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 20 пайызға өскен. Енді, өнеркәсіп кооперациясы — басым бағыттардың бірі ретінде қаралмақ.

Өз кезегінде Роман Головченко ауыл шаруашылығында Беларусь технологиялары бойынша тауарлы сүт кешендерінде бірлескен жобаларды іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Ол өзара іс-қимылды мақсатты түрде нығайтуға дайын екенін атап өтті.