Сауда және интеграция министрі түркістандық тұрғындармен кездесті

39

Түркістанға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин іс сапармен келді. Өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылаған шенеунік тұрғындармен де кездесті. Министр жиын барысында аймақтағы кәсіпкерлердің мәселесін тыңдап, арыз-шағымдарына жауап берді.

Түркістанға іссапармен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин өңір тұрғындарымен кездесті. Шенеунікке мәселесін тікелей айтып сауал жолдағандардың бірі бірі облыстық фермерлер одағының кеңесшісі Оразгелді Егізбаев.

Оразгелді Егізбаев, Түркістан облыстық фермерлер одағының кеңесшісі: “Ауыл шаруашылығы министрі өткен жылы айтқан болатын. 2022 жылдың шілде айынан бастап «Каз агро» колдау жасайды деп. Сол сөз әлі күнге дейін шешілген жоқ. Міне енді жылдың аяғы да болып қалды. Қашан шешіледі екен. Егер келесі жылға қалып қойса, тағы да көмекті ала алмай қаламыз ба деген қорқынышымыз бар”

Жиын барысында тұрғындардың арызын тыңдаған Серік Жұманғарин, мәселелердің алдағы уақытта шешілетінін айтады. Ал министрмен бірге келген ауылшаруашылығына жауапты маман ферферлер асыға күткен жоба келесі жылдан бастап іске асатынын тілге тиек етті.

Жеңіс Өсербай, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі: “Қазір осы жобаға байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге «Қолдау» деген бағдарлама бар. Ал сіздің айтқан жобаңыз 2023 жылдың 1 тоқсанынан бастап іске қосылады деп жоспарланған. Бізде бірнеше жоба бар. Оларды интеграция жасап жатырмыз”

Сауда және интеграция министрі тұрғындарды 2025 жылға дейінгі облыста атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды. Ол өз сөзінде өңір халқының денсаулығын жақсарту мақсатында 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік акушерлік, 6 медициналық пункт салынатынын мәлімдеді.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі: “2025 жылға дейін 141 400 орынға арналған 30 балабақша, 99 мектеп және 13 қосымша ғимарат, жоғарғы оқу орынның 3 жатақханасы салынады. 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен еліміздегі халықтың үлесі 5,1% құрайды. 2022 жылдың 1 қарашасына атаулы әлеуметтік көмек 135 800 мыңға жуық отбасына тағайындалды”

Сондай-ақ түркістандық тұрғындарға алдағы уақытта сауда және интеграция министрлігінде әлеуметтік әминян мен төлемдердің цифрлы түрде, жеңілдетілген жолдарын қарастырып жатқанын айтты.