Діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатқан…

48

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында қарқынды жұмыстар атқаруда. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың қараша айында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 40 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ол діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатып жүргені анықталды.
Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған әкімшілік сотымен жергілікті тұрғынға 50 АЕК мөлшерінде, яғни 153 150 (жүз елу үш мың жүз елу) теңге көлемінде айыппұл салынды.