«TOP DRIVER SDLG» – техника жүргізушілері байқауда бақ сынады

Шымкентте экскаватор мен жүк тиегіш жүргізушілері арасында алғаш рет техникалық байқау өтті.

«Тop Driver» кәсіби шеберлер сайысында арнайы техника жүргізушілері өз шеберліктерін көрсетті. Үшінші мегаполисте бұрын-соңды болмаған сайысқа оңтүстік өңірдің 20-ға жуық үздік маманы қатысты.

Үшінші мегаполисте экскаватор мен жүк тиегіш жүргізушілері арасында алғаш рет дүбірлі байқау өтті. Үздік 20 маман құрылыс техникасын басқаруда өз білімдерін көрсетті. Бәсекеге толы сайыста операторлар экскаватор шелегіне таңылған бөтелке арқылы стақандарға су құйып, арнайы бөренеге шеге қақты. Бірнеше кезеңнен тұрған доданың ең қиын сайыстарының бірі – экскаватор шелегінің көмегімен бөтелкелерді ашу болды.

Азамат Әжібекұлы, «Sevalo Engineering Machinery Kazakhstan» ЖШС бас директоры: «Оңтүстік өңірдің жігіттері әрқашан қызығып атсалысады. Шақырылған қонақтарымыздың барлығы келіп, міне іс-шарамыз қызу жүріп жатыр. Экскаватор бойынша 25 адам қатысуға ой білдірді, жүк көтергіш бойынша 40 шақты адам қатысқысы келді. Алайда біз уақыттың тығыздығына байланысты екі сайыс бойынша тек 10 адамнан ғана қатыстырып отырмыз. Жарыс қызу өтіп жатыр. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар».

Кәсіби шеберлер байқауының ұйымдастырушысы – Sevalo компаниясы. Бұл бүкіл әлемге танымал sdlg құрылыс техникасы брендінің жалғыз тасымалдаушысы. Зауыт – экскаватор, бульдозер, роликтер мен жүк тиегіштер шығарады. Және жарты ғасырдан астам уақыт бойы өз өнімдерін сәтті сатып келеді. Компания – сапалы қытайлық арнайы техниканы зауыттардан тікелей алып келеді, сондай-ақ қосалқы бөлшектердің толық ассортиментін ұсынады.

«Біз бұл байқауды осыдан біраз уақыт бұрын Алматыда өткізген едік. Жарыс өте тартысты өтті. Жалпы мұндай байқау әлемнің түрлі озық елдерінде өтіп келеді. Және жақсы нәтижелер де бар. Біз өте тәжірибелі әрі епті жүргізушілерді, жақсы мамандарды дайындап шығарғымыз келеді. Сол себепті де болашақта осындай жарыстар өткізуді жалғастырамыз деп үміттенеміз, сенеміз!» – дейді SDLG компаниясының өкілі Ли Лижун.

Техникалық байқауға компанияның тұрақты тұтынушылары қатысты. Азамат Байбосынов сүйікті компаниясы жарыс өткізетінін естіп, Арыс қаласынан арнайы келіпті. Жеке кәсіпкер 6 жылдан бері Sevalo компаниясымен бірге жұмыс істейді.

Азамат Байбосынов, жеке кәсіпкер: «Мен Sevalo компаниясымен істеп жатқаныма 6 жыл болды. Бәрі жақсы, менің ойымнан шығады. Гарантиясы бар, бізге жақсы қарасып, беріп жатыр. Бүгін Аматыдан келіп, клиенттерге ойын жүргізіп жатыр, керемет! Келіңіздер, бұл компанияда экскаватор және басқа да көп техникалар бар, келіп алсаңыздар болады!».

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қолдау шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Жеке кәсіпкерлер жеңілдетілген бағамен арнайы техникаларды сатып алуда.

 

Бірнеше кезеңнен тұратын байқауда үздік атанғандарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом мен кубоктар және де бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ал компания өкілдері мұндай техникалық байқауды енді жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз дейді.