Түркістандық спортшы Аделаида Пчелинцева Словенияның Крань қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде 50 метрге дейін брасс әдісімен жүзуден жеңімпаз атанды.
Олимпиада бағдарламасына енген суға жүзу спортынан халықаралық турнирде ел намысын қорғаған дарынды спортшы алтын медальға ие болды. Сондай-ақ, Аделаида Пчелинцева айтулы додада 100 метрлік брасс әдісімен де бас жүлдені жеңіп алып, Қазақстан Республикасындағы 2009 жылғы рекордты жаңартты.
Жас спортшы енді Париж Олимпиадасына берілетін жолдаманы еншілеуді жоспарлап отыр.