Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша биыл 23 микроқаржы ұйымы мен 35 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды. Үкімет басшысына есеп берген агенттіктің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, жалпы микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың қызметіне қойылатын талап күшейді.
Президентке халықтың шамадан тыс кредит алуын шектеу шаралары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, микрокредиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендетіліп, борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәсілі қатаңдатылды. Сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарының проблемалық кредиттермен жұмыс істеу жөніндегі жеке жоспарлары қабылданды.