Банкроттықты рәсімдеуге 70 мың қазақстандық өтініш білдірген

35

Үкіметтегілер қазақстандықтардың несие мәселесін шешуге атсалысады. Осы ретте тұтынушылық несиелеу шарттарына шектеулер енгізуді ұсынылды. Десек те дәл қандай шектеулер болатыны қазірше белгісіз. Бұдан бөлек микрокредиттік ұйымдардағы несиелеудің шекті мөлшері қайта қарастырылмақ. Банкроттық процедураларды да жаңашылдықтар күтуде.

Қазіргі таңда несие қазақстандықтардың өзекті мәселесі. Ресми мәліметтерге сәйкес еліміздің 84 пайызының берешегі бар. Ал 1,5 млн. астам азаматтың несиені уақытында төлемегеніне 90 күннен асқан. Үкіметте бұл мәселелерді шешудің бірнеше жолдарын ұсынуда. Солардың бірі – банктердегі тұтынушылық несие мен тұтынушылар санатына шектеулер енгізу.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер – Министрі: «Микрокредитттік ұйымдардың шектік соммасы, уақытына байланысты қайта қарау қажет. Ең бастысы – айлыққа дейінгі несиеге қатысты. Бұл өзгертулер ойластырып, жыл соңына дейін үкіметте енгізілу тиіс. Бұл шаралар ел азаматтарының қарыз мәселесін қысқартуға мүмкінідік береді».

Сонымен қатар, енді бұрынғыдай банкроттықтан тыс несиелерді есептен шығару да тоқтайды.

Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер – Министрінің орынбасары: «Бұл есептен шығарулар бізде заңнамалық негіз болмағандықтан жасалған болатын, қазір заңнамалық негіз бар және бүгін 6 мыңнан астам адам банкрот деп танылды».

Банкроттықты рәсімдеуге 70 мың қазақстандық өтініш білдірген. Дегенмен мемлекет олардың көпшілігін банкрот деп танудан бас тартты. Заңгерлердің айтуынша, мұнда заңнамалық кедергілер болған. Ең алдымен, бұл несие берушімен бірге қарызды өтеу. Барлық банктер мен микрокредиттік ұйымдар бұған бара бермейді. Олар үшін қарыз алушылардан өсімпұл алу тиімдірек. Сонынен қатар аталған процедуралар ұзақ уақытқа созылады.

Ілияс Тілеулин,  банкроттық сауалдарының заңгері: «Адамдар ұзақ уақыт бойы несиесін төлемегенде, оның ісі коллекторлар мен жеке сот орындаушыда болады. Азаматқа бөтен адамнан шотына 1 теңге түссе ол дереу инкассалық өтініші бойынша жеке сот орындаушыға жіберіледі. Осылайша ол процедурадан шығады. Ал адам оның кімнен түскенін білмейді».

Заңгерлердің айтуынша, 12 айлық мерзім тым ұзақ. Мұндай ешбір елде жоқ. Банкорттыққа 3 ай мерзімінде төлемегенде өтініш береді. Қаржы министрлігінде бұл процедураны жеңілдетуді ұсынды.

Ерұлан Жамаубаев,ҚР Қаржы министрі: «Бұл банроттық рәсім тек банктер микроқаржы ұйымдары, коллекторлы агенттіктердің қарыздары бойынша қолдануға болады. Азаматтар өтініштерді ХҚКО ЕГОВ арқылы Е салық азамат бойынша бере алады. Әсіресе банктер мен микроқаржы ұйымдарын реттеуді талап етеді. Бұл тұрғыда қарыз алушылардың құқығын күшейту бойынша заңнамалық түзетулер пысықталуда».

Расында, елімізде мерзіменін өтіп төлеудің уақытын қысқарту бойынша мәселелер қарастырылмаған. Заң мамандары осы жайтты да қазақстандықтардың пайдасына қарай қайта қарауды сұрауда. Үкіметте халықтың қаржылық сауаттылығын көтеру және несиеге берешектік мәселесімен күресуді қолға алмақ. Осы орайда соңғы 3 жылда 550 мыңға жуық оқушы мен студентті арнайы оқыту көзделуде