Алқабилер қарайтын қылмыстық істердің тізімі кеңейтілді

122
сот үкімі

 Қазақстанда алқабилер қарайтын қылмыстық істердің тізімі кеңейеді. Сенат тиісті заңды қабылдады. Қазіргі кезде сотта алқабилердің қатысуымен тек аса ауыр қылмыстар ғана қаралады. Ал сенат қабылдаған заңнан кейін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилер сотының қарауына аса ауыр қылмыстардың барлық 32 құрамы беріледі.

Ал 2024 жылда ауыр және ауырлығы орташа қылмыстардың бір бөлігі, барлығы 13 құрам алқабилер соты қарауына жатады. Осылайша, алқабилер қарайтын қылмыстың істердің құрамы 45-ге дейін жетеді.
Жоғарғы сот келесі ауыр және ауырлығы орташа қылмыстардың біраз бөлігін алқабилердің қарауына беруді ұсынды. Олар:

адам ағзаларын алуға мәжбүрлеу;

азаптау;

рейдерлік;

адам өліміне себеп болған медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы;

балық және басқа да жануарлар мен өсімдік ресурстарын заңсыз өндіру;

заңсыз аң аулау;

жол ережесін бұзу, адам өліміне себеп болған әрекет;

көлікті мас күйінде жүргізу, адам өліміне себеп болған әрекет.