Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту мақсатында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық науқаны басталды. Бұл маңызды қозғалыс адам құқықтарын қорғау, гендерлік теңдік пен қауіпсіздік саласындағы мәселелерді айтарлықтай назарға алуға бағытталған.
Науқанның негізгі мақсаты – қоғамда цифрлық кеңістікте әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған төзімсіздік таныту. Сонымен қатар, интернет және әлеуметтік желілер арқылы жасалатын зорлық-зомбылық түрлеріне қоғамның жұмылуын арттыру, цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құрмет пен тең құқық идеяларын насихаттау болып табылады.
Қазақстанда заңгерлер мен құқық қорғаушылар бұл науқанға белсенді қатысуда. Олар құқықтық кеңес беріп, зардап шеккендерге көмектеседі, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуде. Бұл іс-шаралар қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы ұстанымды нығайтуға және заңды бұзғандарға қатысты жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Науқан аясында түрлі шаралар ұйымдастырылуда: ақпараттық сессиялар, семинарлар, әлеуметтік роликтер мен насихат материалдары жарияланды. Сонымен қатар, қоғамда цифрлық қауіпсіздік пен құрмет мәдениетін қалыптастыру үшін оқыту бағдарламалары жүргізілуде.
Қазақстандағы бұл бастама халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып отыр. Ол әйелдердің құқықтарын қорғау, онлайн кеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тең құқықты қоғам құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Барлық қоғам мүшелерін, әсіресе жастарды, осы маңызды қозғалысқа қатысуға шақырамыз, себебі тек бірлесе күш салғанда ғана зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады.
Бұл науқан жалғаса береді, және оның нәтижесінде қоғамда әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жоюға деген ұстаным мен мәдениеттің өзгеретініне сенім мол.
2025 жылы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» науқаны «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» ұранымен өтеді.
Осы науқан аясында инновациялық-технологиялық колледжінде «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылық» тақырыбында пікірсайыс өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының заңгері, заң консультанты Мырзабай Нұрлан Альжанұлы және «Shymkent Hub» директоры Козыкеев Тимур мырза қатысты.







