Дәстүрлі “Шаңырақ” байқауы мәресіне жетті

65

Түркістан қаласында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» байқауы өтті. Шара мақсаты – Қазақстан халқы арасындағы ынтымақ-бірлікті, өңіріміздегі этносаралық достықты қалыптастыруға атсалысу.

Жарыс шарты негізінде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде мақала, өлең, жолсапар очеркін жазу керек еді. Ұйымдастырушы Эльмира Жанғазиева “байқау арқылы мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған шығармалар жарық көрді»- дейді.

Биыл «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауында алғашқы ынталандыру сыйлығын Алима Пашанова иеленсе, екінші ынталандыру сыйлығы Шолпан Дүтбаеваға берілді. Жүлделі І орынға Лаззат Сарыбаева, ІІ орынға Несібелі Иманқұлова ие болды. Ал, ІІІ орынды Несіпкүл Өтебаева еншіледі. Марапаттау барысында жеңімпаздарға арнайы сертификаттар табыс етілді.