Қолжетімді баспанаға қол жеткізу мүмкіндіктері молайды

157

Елімізде баспана кезегінде тұрған азаматтардың саны 590 мыңға жуық. Үкімет оларға арнап жалдамалы және несиелік бағдарламалар әзірлеген.

Несиелік жеңілдікпен «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша алғашқы пайыз әртүрлі болған- 10,20 пайыз. Енді тек 10 пайыз болып бекітілді. Алғашқы жарна құю арқылы 20 жылға займ алу мүмкіндігі туды. Және де екі пайыз жеңілдікпен мүмкіндігі шектеулі азаматтар және мүгедек балалары бар азаматтар баспаға қол жеткізе алады.

Кезектегі қалған азаматтар 5 пайыз жеңілдікпен «Шаңырақ» бағдарламасы арқылы баспаналы болады. Тұрғын-үй саясатын дамыту жөніндегі заңда біраз бастамалар бар. Әзірге құжат Мәжілістің қарауында жатыр.

Шынар Оразова