«SHANYRAQ» отбасы институты 42 мыңнан аса тұрғынға қолдау көрсеткен

81

«SHANYRAQ» отбасы институтының құрылғанына 2 жол толды. Ал биыл орталық шымкенттік 42 972 тұрғынға қызмет көрсеткен.

Оның ішінде 15 094 көп балалы ана, 16 315 әлеуметтік тұрмысы төмен азамат бар. Ал басқа да санатқа кіретін 11 460-тан аса тұрғынға көмек көрсетілді. Оларға ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, «Еqov.kz» порталы арқылы құжаттарды тапсыру сынды кеңестер берілді.

Оның 358-і онлайн түрде, ал 42 614-і офлайн түрде қызмет алды. Айта кетейік, орталық мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету.