Шаңырақта жаңа емхана ашылды

132

Шаңырақ шағынауданында «Дария-Медикус» деп аталатын алғашқы санитарлық-медициналық көмек орталығы ашылды. Елдімекенде тұратын 2 мыңға жуық тұрғынның қуанышына ортақтасып, емхананың ашылу салтанатына шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қатысты.

Бір ауысымда 550 науқас қабылдай алатын орталықта заманауи үлгідегі медициналық құрал жабдықтар орнатылған. Сондай-ақ, мұнда консультативті-диагностикалық, күндізгі стационар, физиотерапия, оңалту секілді көмек түрлері көрсетіледі.

Бұл медициналық орталық іргелес жатқан Шаңырақ, Базарқақпа, Абдулабад, Тұрдыабад, Бадам-1 тұрғын алаптарының 25 мыңдай тұрғынына да қызмет көрсетуге қауқарлы. Емхана Шаңырақ шағынауданы 249-жер телімінде орналасқан.

Әлихан Файзханов