Депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш беру мерзімі қашан аяқталады?

50

2023 жылы 1 қаңтарда теңгедегі депозиттер бойынша 10% өтемақы алуға өтініш беру мерзімі аяқталады.

Өтемақы 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашылған теңгедегі депозиттерге есептеледі.
Банктер өтемақының өзін 2023 жылғы 23 ақпаннан кейін аударады. Өтемақы жинақ, мерзімді, мерзімсіз, сондай-ақ білім беру жинақтау салымдары мен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі депозиттерге беріледі.
Бұған дейін 5 миллионнан астам салымшының депозитіне өтемақы берілетіні хабарланған еді. Оның ішінде салымшылардың 97%-інде депозит мөлшері – 5 млн теңгеге дейін, басым бөлігі (86%) 1 млн теңгеге дейінгі депозитті құрайды.