Бүгін 30 желтоқсан 2022 жылы Жаңа жыл қарсанында «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшелері, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Ноян Назарұлы Төлегенов пен Жамалбек Асанұлы Жораев қаламыздағы кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.
Халық қалаулылары 22 сал ауруымен (ДЦП) ауыратын баланы ата-анасымен бірге шақырып, анниматорлардың көмегімен ертегі әлеміне саяхаттатты. Би билетіп, жаңажылдық көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейк, Ноян Төлегенов «Дзюдо» федерациясының президенті болғалы бері осындай кішкентай бүлдіршіндерге спорт-мектебінде тегін жаттығуға мүмкіншілік берді, оларды ата-аналары аптасына 3 рет жаттығуға алып келеді. Олар қаламыздың намысын қорғап жүрген әйгілі дзюдошылармен бірге жаттығады. Ата-аналардың айтуынша, балалар чемпиондар мен бірге жаттыққалы, олардан үлгі алып, денсаулық жағынан өздерін жақсы сезінуде, жүре алмағандары жүре бастады, ал жақсы сөйлей алмағандардың тілі шынығып , сөйлеуге машықтануда. Спорт және қарымқатынас осындай ғажайыптар жасауда. Балалар «Ақжолдықтарды» жақсы таниды, алдыларына келіп қайта-қайта құшақтап, ризашылықтарын білдірді. Мереке кешінде балалар депутаттардың қолынан тәтті сыйлықтар алды. «Біз мұндай жаңажылдық құттықтауды күтпеп едік, өте ризамыз» -дейді ата-аналар. Ақжолдықтар ерекше балаларға осындай тосын-сый жасауды әдетке айналдырған. Және алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.