Жаңа жыл қарсаңындағы қуаныш. Әрдайым игі бастамалардың бастаушысы болып жүретін OTYRAR телеарнасы «Шымкенттің мейірімді адамдары» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп қайырымдылық жобасын бастады.
Ғимаратта орнатылған жаңа жылдық шыршаға армандар жазылған әппақ қағаздар ілінді. Әрдайым жақсы бастамаларға қолдау білдіріп жүретін жайсаң жандар парақшаларға жазылған балалардың қалаған затын сатып алды. Жоба барысында аз қамтылған отбасылардан шыққан он жеті бала армандаған сыйлықтарын алды. Оларға ойыншықтар, велосипедтер, скутерлер сыйға тартылды.
Одан бөлек, барлық отбасыларға мерекелік үстелдерін безендіру үшін азық-түлік пен жеміс-жидек себеттері берілді. OTYRAR телеарнасында ұйымдастырылған шара барысында балалар би билеп, ойын ойнап, Аяз ата, Қарша қызбен қызықты думанды кеш өткізді. Ата-аналар балаларының шексіз қуаныштарын желі арқылы қарша боратты.
Игі дәстүрлердің тінін үзбейтін OTYRAR телеарнасы алдағы уақытта да өзгелерді қуанышқа кенелтетін кештерді жалғастыратын болады.







