Шетелдік көліктерді тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілді

47

Шетелдік көліктерді тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Президент қыркүйектегі жолдауында оларды заңдастыру мақсатында утилизация және алғашқы тіркеу үшін төленетін қаржы көлемін 200-250 мың теңгеден асырмай, бәріне бірдей және бір реттік алым алуды ұсынған еді.

3 айдан астам уақыт өтті. Мәселе әлі шешілмеді. Тапсырманы орындау үшін заңға өзгеріс енгізу қажет болған. Құжат жобасын өткен аптада Сенат қабылдады. Жеңілдік акциясы жаңа жылдан бастап жұмыс істейді.