Шымкентте бір тәулікте 300 автобус жүргізушісі жауапқа тартылды

134

Шымкентте «Автобус» іс-шарасы аясында жол ережесін бұзған 300-ден аса жүргізуші анықталды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.

Мегаполисте бір тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 301 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, жолаушыларды, багажды және заттарды тасымалдау ережесін бұзу бойынша – 15, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару бойынша 19, рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеген 7, ал техникалық байқаудан өтпеген 35 көлік белігілі болды. Сондай-ақ,
ұялы телефон пайдаланған 48, маневр жасау қағидаларын бұзған 25, міндетті сақтандыру қағидасын бұзған 5 жүргізуші жауапқа тартылды.