Шыңғыс Мұқан қызметінен кетті

40

Шыңғыс Мұқан бір күн бұрын қызметімен қоштасты, деп хабарлайды ОТЫРАР. Ол Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.

Шыңғыс Мұқан қызметінен кететінін әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол бұл шешімнің стихиялы түрде қабылданғанын, енді экс-шенеуніктің өзін шығармашылық пен тәрбие жұмысына арнауға дайын екенін айтты.
«Шымкент қаласы әкімдігінен жұмыстан шықтым. Әкімнің бірінші орынбасары лауазымына сонау ковид өршіп тұрған дағдарыс кезінде, 2020 жылғы шілде айында келіп едім. Екі жарым жылға жуық жұмыс істеппін.
Одан бері небір қызық, небір қиыншылық өтті. Оның ішінде әрине Қаңтардың орыны ерек. Бұл шешім бір күнде туған жоқ. Біраздан бері пісіп жетілді.
Бірге қызметтес болған әріптестер мен ұжымға бек рақмет!
Әзірше ағартушылық пен шығармашылыққа ден қоймақпын.
Асылы, мемлекеттік қызметтен тыс жүріп те мемлекетке қызмет етуге болады», — деп жазды әлеуметтік парақшада.