Арыстық азамат жұма күні 4 ауылдың тұрғындарына қайырымдылық жасап, ел алғысына бөленді. Жеке кәсіпкер Олжас Сансызбайұлының бастамасымен жергілікті белсенді жігіттер тұрмысы төмен әрі көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, қол ұшын созды.
Атап айтқанда, 7 тонна көмірді 30 отбасы мен 2 мешітке тегін таратты. Сондай-ақ көпбалалы отбасылар мен асыраушысынан айырылған жандардың үйіне 40 қап ұн жеткізіп, ондаған ананың көңіліне қуаныш, ұл-қыздардың жүзіне күлкі сыйлады.
Адам баласының жанын жадырататын мұндай шарадан дін өкілдері де шет қалмай, Ақдала, Дермене, Еңбекші елді мекенінің белсенді жастары да бір кісідей атсалысыпты.
Олжас Сансызбайұлы бұдан да бөлек қайырымдылық шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Ақдала ауылында халыққа тұрақты түрде қызмет ұсынатын қоғамдық монша ашқан кәсіпкер әлеуметтік аз қамтылған ауыл тұрғындарына монша қызметін тегін ұсынып, ауыл тұрғындарының алғысына ие болған.
Ońtústik Rabat газеті, №3 (19.01.2023)